13 Қазан 2021
889

МКҚК Таңшолпан балабақша базасында жаңа форматтағы WorldSkills талаптарына негізделген Демонстрациялық емтихан тапсырды

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің бітіруші топ студенттері: Ахметова Арайлым Махамбекқызы, Ержанқызы Айжан, Курбанова Румиләм Аблякимқызы, Секенова Ақерке Мұратбекқызы, Мустапаева Жұлдыз Нұрбақытқызы Дуалды оқыту жүйесі 0101000 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша 01-02 маусым күндері МКҚК «Таңшолпан» балабақша базасында жаңа форматтағы WorldSkills талаптарына негізделген «Демонстрациялық емтихан» тапсырды. Демонстрациялық емтиханда эксперт-ұйымдастырушы Махметова Айгул Аблановна педагогикалық құзіреттіліктер бойынша емтиханның жалпы дайындық және ұйымдастырып өткізу жұмыстарын талапқа сәйкес жүргізді.

 

Модульдік тапсырмаларға сәйкес емтихан өткізу алаңдары барлық қажетті ресурстармен, TOOLBOKS қамтамасыз етілді. Сарапшы топ құрамы: МКҚК «Таңшолпан» балабақшасының әдіскері Асембекова А.Е, ЖШС «Қайнар бұлақ» балабақшасының меңгерушісі М.Г.Несіпбековна, ЖШС «Алтын ұя» балабақшасының меңгерушісі С.Р.Айтахуновна емтихан тапсырушылардың білім, білік дағдыларын бес модуль бойынша бағалау критерийлерін обьективті, субьективті бағалап CIS жүйесінде бағалау үрдісін жүргізді.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location