Жаркент жоғарғы гуманитарлық-техникалық колледжінің 4 курс студенті Тұрғанбай Торғынға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» байқауына қатысып, 2-дәрежелі диплом және сертификатпен марапатталды. Марапаттау Талдықорған қаласындағы Жастар сарайында өтті. Іс-шара барысында жүзден жүйрік шыққан кітапсүйер қауым өзара пікір алмасып, рухани қуаттанды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға кітаптар сыйға тартылды
https://zhgtk.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/477-zhetisu-kitap-marlar-lkesi#sigFreeId8636e59e3d