13 Желтоқсан 2021
1030

"Жас Сарбаз"әскери-патриоттық клубы жұмыс жасайды

Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында "Жас Сарбаз" балалары жасөсірімдер бірлестігін құруды басым бағыттардың бірі ретінде тапсырған. Осы тапсырма аясында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде "Жас Сарбаз"әскери-патриоттық клубы жұмыс жасайды. Биылғы оқу жылында клуб жетекшісі Е. Сайдахметовтың ұйымдастыруымен ата-аналардың көмегімен 30студентке арнайы "Жас Сарбаз"клубының формалары алынды. Тәуелсіздіктің 30жылдығы қарсаңында клуб қатарына іріктеуден өткен студенттерге "Тәуелсіздік-ата-бабам аңсаған"атты кездесуде Панфилов ауданы әкімі Т.Өміралиев кәуліктерін табыстады. Студенттер ант қабылдап, көрермендерге әскери-спорттық ойындардан қойылым ұсынды. Клуб студенттерінің іс-шарадағы белсенділіктерінен "Мәңгілік Ел"жастарының болашағы жарқын екені тағы бір мәрте дәлелденді. Клуб жұмысы болашағын әскери саламен байланыстыру ниеттегі жастарға оң септігін тигізері анық.

 


 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location