25 Наурыз 2022
307

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың қос палатаның бірлескен отырысына қатысып Қазақстан халқына жолдауын арнады.

 

Мемлекет  басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың  қос палатаның бірлескен отырысына қатысып  Қазақстан халқына жолдауын арнады. Осы жолғы жолдау  елдің негізгі  бағыт бағдарын  айқындайтынына сеніміміз мол. Жаңа Қазақстан құру бойынша нақты қадамдар аталып өтті. Қаңтар оқиғасы, одан кейінгі  орын алған жағдайлар барлығы бір  түйінді  қажет  етті, Сол түйін  бүгін айтылды деп ойлаймыз, және де көпшілік  көңіліндегі мәселелер де қозғалды. 

Президент  билік  пен   халық  арасындағы  дәнекерге  айналған  Ұлттық   құрылтай  құруды  ұсынды 

Елімізде осыған  дейін  жұмыс  істеп келген  Ұлттық   қоғамдық  сенім  кеңесі  орнына  құрамы  жағынан  ауқымды  Ұлттық  құрылтай құрылады. Ұлттық кеңестің  қызметін  жалпыхалықтық  деңгейде жалғастырады деп Қазақстан  Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев айтып  өтті. Билік  пен  халық арасындағы  дәнекерге айналуды көздейтін бұл  құрылтай  қоғамдық  диалогтың  біртұтас институционалдық  моделін  қалыптастырып  қазіргі Қазіргі  қоғамдық  кеңестің  барлығын  топтастыруы тиіс . Ұлттық  құрылтай құрамына еліміздегі барлық өңірлердің  өкілдерімен қатар, Парламенттің бірқатар депуттатары қоғамдық  кеңестер  мен  ұйым мүшелері, беделді қоғам  қайраткерлері, өндіріс және ауылшаруашылығы жұмысшылары, бизнес өкілдері т.б кіреді. Ұлттық құрылтай мүшелері маңызыды мәселерді  талқылау үшін  тұрақты түрде  бас қосып отырады. Азаматтық белсенділікті жандандыру үшін жұмыс істеп жатқан орталық  және жергілікті органдардың квазимемлекеттік  сектордың  жанындағы  қоғамдық  кеңес  құрамы  жұмыс  жоспары  жаңартылады .

Сонымен қатар мемлекет  басшысының  Конституциялық  сот ,  Ұлттық  құрылтай Есеп комитеті орнына  жоғары  аудиторлық  палата  құру,  Мәслихат төрағасы лауазымын енгізу, сайлау  заңнамаларын сақтау мажоритарлық сайлау жүйесін енгізу Президент өкілеттілігі кезінде партияға мүшелігін тоқтату міндетін  заңнамалық  рәсімдеу. Ақпарат құралдарының  бәсекеге  қабілетті  және  еркін  болуына  байланысты ұсыныстары көңілге  қонымды. 

Үш жаңа аймақтың ашылуы.  Атап  айтар  болсақ ,  еңсесі   түсіп  әбден  тозыңқырап  қалған өңірлердің қайта жандануына мүмкіндік беру  Абай,  Ұлытау,  Жетісу жаңа атаумен жаңа облыстардың ашылуы, бұл сол аймақта тұрып  жатқан халықтың еңсесін көтеріп өзінің болашағына деген жауапкершілік алуға итермелейтін  қадамдар болары сөзсіз. Тағы бір қуантатыны Алматы  облыы орталығы  Қонаевтың есімін беру туралы айтылды. Жолдау ешқандай кедергісіз елімізге оңтайлы  өзгерістер  әкелетініне  сеніміміз мол. 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location