29 Сәуiр 2022
318

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ –МАМАН КЕЛБЕТІ

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ

 ЖАРКЕНТ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

 

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ –МАМАН КЕЛБЕТІ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

 

2022 жылдың 28 сәуір айында  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі бірлесіп «Жаңа Қазақстандағы білім беру қызметін көрсету –маман келбеті» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Ғылыми-практикалық конференцияның  мақсаты – Педагогтардың кәсіби өсуіне әдіснамалық және практикалық қолдау көрсету, педагогикалық қоғамдастықтың білім беру трендтері туралы түсініктерін кеңейтуге және жаңартуға ықпал ету, білім берудің өзекті міндеттерін іске асыру жолдарының перспективаларын іздестіруге және талқылауға бастамашылық ету, білім берудің әр түрлі деңгейлерінің өкілдері арасында диалог ұйымдастыру сияқты келесі мәселелерді мақсат етіп, педагогтердің ашық алаңында

4 бағыт бойынша тәжірибе алмасты.

I   Ғылым, білім, инновация: өзекті мәселелер мен заманауи аспектілер

II  Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің мазмұндық және ұйымдастырушылық аспектілерінің сабақтастығы: теория, практика және технологиялар.

III  Инклюзивті білім беру және қоғам: стратегия, тәжірибе, ресурстар

IV Педагогикалық практика: тәжірибе, мәселелер, жетілдіру жолдары

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының мақсат, міндеттері кеңінен талқыланып, болашақ мамандарды қалыптастырудың тәжірибелік мүмкіндіктері көрсетілді.

Республикалық конференцияда мектепке дейінгі, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және жоғарғы оқу орындарының Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Тараз, қалаларынан профессорлары мен ғалымдары, оқытушылар мен магистрлері әр бағыт бойынша жұмыстарының өзектілігін ғылыми түрде дәлелдеп  жеткізе білді. 

Қазақстанның білімін ғылым кеңістігімен бағындыратын құзыретті мамандармен толықтыруды   жалғастыру мақсатында шығармашылық даярлығы бар мұғалім – тәрбиешінің тұлғасын қалыптастыру және дамыту, өзінің ерекше жұмыс жасай стилі мен ойлауы бар шығармашылық тұлға ретінде мұғалім-новаторды дайындаудағы маман келбетін таба білді.  

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location