23 Мамыр 2022
371

Жігіт сұлтаны-2022

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттай отырып, әр-түрлі жағдайлардан шыға білуге, студенттердің бойында патриотизмді ер-азаматқа тән қасиеттерді, салауатты өмір салтын ұстануды дамыту мақсатында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің ІІ курстар арасында «Жігіт сұлтаны-2022» атты байқауы өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Байқауға қатысушыларымыз өздерін сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырып, ер азаматтарға және салт-дәстүрге арналған сұрақтарға жауап беріп, кір тасын уақытқа көтеріп, өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша 205 топ студенті Тұрсын Мағұлан-І, 210 топ студенті Мұхтар Құрал-ІІ орын, 206 топ студенті Әбуғалиұлы Бахтияр-ІІІ орынмен марапатталды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location