29 Қыркүйек 2022
251

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері бүгінгі Үндеуді тыңдады!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Өз Үндеуінде басты мәселерді қозғап кетті. Мемлекет басшысының алдымен Президент сайлауын, одан соң Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізу туралы ұсынысы өте дұрыс әрі жан-жақты сараптан өткен шешім.

Конституцияға енгізілген ауқымды түзетулер мен өзгерістер биліктің барлық жүйесін қалыптастыруға қатысты түсінікті түбегейлі өзгертті десек, артық айтқандық емес. Президенттің, Парламенттің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, партиялардың және сайлау жүйесінің, яғни, билік институттарының негізгі өкілеттіліктері қайта қаралды. Солайша, биліктің арақатынасына қатысты жаңа жүйе құрылды.

Сондықтан бұл институттардың жұмысын сайлау арқылы жаңарту заңды шешім. Сонымен қатар, партиялардың сайлау науқанына дайындығына да белгілі бір уақыт керек (бастама көтеру, тіркеу және жаңа партиялардың қалыптасуы). Сондықтан Президенттің Парламент пен мәслихаттар сайлауын келесі жылдың алғашқы бөлігінде өткізу туралы ұсынысы ойға қонымды.

Балабақшадағы тәрбиешілер жалақысын көтеру керек. Олар аттестациядан өтеді; 18 жасқа дейінгі балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан 50% ақша түсіп отырады.2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз;Әйелдердің зейнет жасы - 61 жас (2028 жылға дейін осы жас қалады)Елдегі минималды айлық -70000 болады;100 мың жасқа жұмыс. Олар кәсіп бастаймын десе 2,5% несие беріледі.

Осылайша, біз биыл жазда өткен республикалық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістерге жастарға сенім артып, дамуына, білім алуына үлкен мүмкіншіліктер беріп отырғаны қуантарлық жаңалық болды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location