29 Қыркүйек 2022
244

"Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттың ұлы ұстазы" атты танымдық сабақ өтілді.

Қыркүйектің 15 -сі күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай тілдер айлығының іс-шара жоспары бойынша колледж- ішілік 204 -208 топ студенттерінің ұйымдастыруымен "Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттың ұлы ұстазы" атты танымдық сабақ өтілді. Іс-шараның мақсаты: мемлекет қайраткері ,қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ғалым, түркітанушы, публицист, педогог , аудармашы, қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып , танымдық деңгейін дамыту.
Іс-шара IV бөлімнен тұрады.
І бөлім. Ахмет Байтұрсынұлы - ағартушы.
ІІ бөлім. Ахмет Байтұрсынұлы – ғалым.
ІІІ бөлім. Ахмет Байтұрсынұлы - ақын, аудармашы.
ІҮ бөлім. Ахмет Байтұрсынұлы - көсемсөз шебері .
Іс - шараға қатысқан студенттер Ахмет Байтұрсынұлының мұраларынан толық мәлімет алды

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location