29 Қыркүйек 2022
253

шетел тілі пәнінің оқытушысы Ниетбаева Бану Батырханқызының ұйымдастыруымен сыныптан тыс мерекелік іс-шара өтті.

Жаркент жоғары гуманитарлық - техникалық колледжінде дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын А.Байтұрсыновтың 150-жылдық мерейтойына орай өткізіліп жатқан тілдер айлығы жоспарына сәйкес 405-топ студенттері мен топ кураторы, шетел тілі пәнінің оқытушысы Ниетбаева Бану Батырханқызының ұйымдастыруымен сыныптан тыс мерекелік іс-шара өтті. Тақырыбы: A. Baitursynov – the sower of humanity and knowledge.    

Іс-шара мазмұнында 405-топ студенттері Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі туралы мәліметпен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бөлісті, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін мағлұматтар ұсынды. Ақынның шығармашылығынан өлеңдерді жатқа оқып, колледж студенттерінен тақырып аясында сауалнама алып, бейнеролик әзірледі.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location