29 Қыркүйек 2022
639

«Дебат фракция» көшбасшының ұйымдастыруымен 2 курстар арасында «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат турнирі өтті.

20.09.2022 жылы Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Мәңгілік ел жастары» өзін-өзі басқару ұйымының «Дебат фракция» көшбасшының ұйымдастыруымен 2 курстар арасында «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат турнирі өтті. Турнирге барлығы 6 команда қатысты. Ереже бойынша АПФ форматында өтілді. Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияны туралы өзара пікір алмасып, жақсы және жаман жақтарын атап өтті. Қызықты өткен дебат турнир нәтижесінде 1 орын 205 топ «Элита» командасы, 2 орын 210 топ «Жалынды жастар» командасы, 3 орын 207 топ «Болашақ» командасы иеленді, номинация бойынша «Үздік спикер» Серікбайқызы Шаттық,«Үздік оратор» Айдабол Ажар марапатталды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location