14 Қазан 2022
913

М.Әуезов конференция

5-7.10.2022 ж М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж қабырғасында Семей мұғалімдер семинариясының түлегі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері, классик жазушы М.О.Әуезовтің 125 жылдығына арналған республикалық «Әуезов әлемі» атты танымдық –шығармашылық фестивалі өтті.

Фестивальдің бірінші күні М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен, «Абайтану», «Әуезовтану» орталықтарымен таныстырып, мәжіліс залында «М.Әуезов мұрасы бүгінгі руханият әлемі» тақырыбында Әуезовтану  ғалымдармен, оқытушылармен кездесу өтті. Фестивальдің екінші күні бағдарламаға сәйкес «Сөз құдіреті» атты ТжКББ жүйесіндегі педагогикалық колледждер білім алушылары арасында өтетін республикалық мәнерлеп оқу байқауына Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінен 305 топ студенті Оразақын Бағлан қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.

Фестивальдің үшінші күні «Шыңғыстау-тағзым етер нұр тұрағым!» тақырыбында ұлылар мекеніне сапарымен жалғасты. Сапар барысында Күшікбай асуы, Бөрілідегі М.Әуезов мұражайы, Абайдың дүниеге келген жері, сырт Қасқабұлақ, Еңлік-Кебек ескерткіші, Ақшоқы, Шілікті кезең, Жидебай Абай-Шәкәрім мемориалды кешені, Қарауыз мекендерімен  фестивальге қатысушы барлық оқытушылар мен білім алушыларға таныстырылып, колледж ұжымының дайындаған қойылымдары ұсынылды.

Іс-шараға қатысқан әрбір оқытушысы, білім алушылардың өз ойларын ортаға салғандары, көңілге түйгендері, алған әсерлері мәңгілікке сақталмақ.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location