19 Желтоқсан 2023
89

Орта білім берудің басымдықтары контекстінде колледждерде педагогтерді даярлау

Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі, педагогикалық колледждердің басшылары мен басшының орынбасарлары, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғалымдары мен қызметкелерінің қатысуымен «Орта білім берудің басымдықтары контекстінде колледждерде педагогтерді даярлау» Республикалық дискуссиялық алаң, педагогикалық мамандарды даярлауда ТжКОБ білім беру бағдарламаларын жетілдіру аясында орта білім мазмұнын өзгерістермен таныстыру мақсатында өткізілді. Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің директоры К.Б.Курабалдиева «Ауыл мектебінің педагогі қандай болу керек?», «Педагогикалық колледждерді қолданбалы бакалавриатқа трансформациялау моделі», «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар жүйесі» тақырыбындағы шеберлік-сыныптардағы талқылауға қатысты. Форумда айтылған ұсыныстардың негізгі түйіні педагогикалык колледждерді Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен біріктіруді Оқу-Ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев нақты айтып өтті.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location