Жаңашыл оқытудың өзекті мәселелеріне арналған іс-шаралар
Білім сапасын арттыру мақсатында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында пәндерді оқытудағы өзектілік» тақырыбында іс-тәжірибе әдіскерлерімен семинар өткізілді.
1-семинар Тақырыбы: «Оқыту мен оқу үдерісінде интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы» іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.
Мақсаты: Интербелсенді әдіс-тәсілдердің теориясы мен практикасын жан-жақты игеру арқылы педагог мамандардың теориялық, әдістемелік, тәжірибелік жүйесін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
- Оқытушалар интербелсенді әдістеменің әдіс-тәсілдерімен танысып, оларды өздерінің сабақ беру практикасында қолдану жайлы өзіндік пікір қалыптастырады.
- Интербелсенді әдістеменің әдіс-тәсілдерді өздерінің сабақ беру практикасына енгізуге бағыт алады.
«Сабақтың басталу мен ұйымдастыру кезеңі» қазақ тілі мен әдебиеті пәні және ұйғыр тілі мен ұйғыр әдебиеті пәні оқытушылары: Г.Балғабекова,М.Тоқтахунов; «Үй тапсырмасын сұрау» педагогика пәні мен тарих пәні оқытушылары Р.Исламова,Н.Дауытов; «Жаңа сабақты түсіндіру» педагогика пәні оқытушылары Н.Асановамен Ғ.Каримбаев; «Сабақта тапсырмаларды әдіс-тәсілдер арқылы орындау» Б.Ниетбаева, Д.Рахимбаева; «Сабақты қортындылау,бекіту» математика пәні мен информатика пәні оқытушылары Ш.Курбанова, Е.Жұманов; «Кері байланыс» ағылшын тілі пәні, педагогика,психология пәні,математика пәні оқытушылары: Д.Омарова, Е.Исаев, Қ.Абишева «Критериалды бағалаудың маңызы» педагогика пәні оқытушылары: М.Теңізбаева, Г.Маули;
2-семинар Тақырыбы: «Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқытудың сапасын арттыру» іс-тәжірибе алмасу семинары өтілді.
Мақсаты:Жаңаша оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін назарға ала отырып, оқытушыларға қалай оқыту керектігін үйренуде көмек көрсету;
Міндеттері:
1.Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдердің білім сапасын арттырудағы рөлін айқындау;
2.Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге ықпал ету;
3.Теория мен іс-тәжірибенің сабақтастығы арқылы тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдарын өзіндік іс-тәжірибеде көрсету,насихаттау;
Күтілетін нәтиже:
1.Оқытушылар танымдық дамуға арналған дәлелдемелерді анықтауды үйренеді;
2.Өзін-өзі реттеуге көмектесу үшін өздерінің жағдайларында инновацияларды зерделейді.
3.Оқытушылардың оқыту мен оқудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсінеді.
Педаглгика,психология пәнінің оқытушысы Р.Уаджитова «Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны»; ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Д.Сатығұлова «Пән бойынша сабақты жоспарлау»ҰМЖ.ОМЖ.ҚМЖ»; ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.Полтиева «Эффективное обучение»; география,тарих пәнінің оқытушылыры А.Жұмабаева,К.Михева «Критериалды бағалау-сапалы оқу кепілі»; ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Л.Азнабаева «Разроботка заданий по формотивному обучению.Работа сУМК учебных предметов; информатика пәнінің оқытушылары Б.Үсенов, Қ.Құсайынов «АКТ құралдарын сабақта тиімді пайдалану»
«Зияткерлік серпіліс: жастар, ғылым және инновациялар» тақырыбында студенттерді ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстырып, ғылыми ізденіске бағыттайды. Осы мақсатта 2 студент аймақтық жобаға қатысып, жүлделі орын алып, Облыстық «ҚР Кіші ғылым Академиясының Алматы облысы бойынша XXVIII облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына «» тақырыбындағы баяндамасын ұсынғаны үшін Сыдықбек Назым II дәрежелі дипломмен марапатталды- жетекшісі-Ж.Рахметжанова; Урумбаева Айым III дәрежелі дипломмен марапатталды- жетекшісі - Қ. Абишева
https://zhgtk.kz/kz/2019-02-25-12-42-38/2019-02-25-13-08-54/2019-09-16-05-50-44/163-o-ytu-men-o-u-derisinde-interbelsendi-dis-t-silderdi-oldanudy-ma-yzy#sigFreeId2b2e4b8ef9