31 Наурыз 2023
183

«Білім алу, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі»

29.03.2023 ж Алматыкітап баспа қызметкерлері, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Білім алу, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі» семинар өткізілді. Іс-шараға «Алматыкітап» баспасында оқулық және оқу-әдістемелік кешенді дайындау бойынша әдіскер, колледж түлегі- Лекерова Фарида Сағатжанқызы «Баспа оқулықтарының құрылымы» тақырыбындағы таныстырылымымен, «Алматыкітап» баспасында цифрлық орталық әдіскері Кожариянова Камария Жеңісқызы «TopIQ – білім беруді цифрландырудың драйвері» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқытушылар мен білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location