31 Қазан 2023
64

"Педагогикалық колледждерді қолданбалы бакалавриатқа трансформациялау моделі" тақырыбында педагогикалық колледждер арасында ашық диалогтік алаң өткізілді

27.10.2023 жыл Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің базасында, Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен "Педагогикалық колледждерді қолданбалы бакалавриатқа трансформациялау моделі" тақырыбында педагогикалық колледждер арасында ашық диалогтік алаң өткізілді. Педагогикалық колледждерді трансформациялауды іске асыру барысындағы жоба аясында өзекті мәселелер талқыланып, үздіксіз педагогикалық білім беру траекториясы (перспективалық модель) қолданбалы бакалавриат пен жоғары оқу орындарының бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыру жолдары, педагогикалық колледждерді Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ ұлттық академиясының ғылыми-әдістемелік қолдау қажеттілігі ұсыныстары айтылды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location