01 Қазан 2022
287

Мемлекеттік білім беру стандартының талаптары, оқу бағдарламалары, оқу – әдістемелік қамтамасыз етудің бағыттары

27.09.2022 жылы сағат 17.00 әдістемелік кабинетте  «Мемлекеттік білім беру стандартының талаптары, оқу бағдарламалары, оқу – әдістемелік қамтамасыз етудің бағыттары» тақырыбында әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңесте келесі мәселелер қаралды:

1.2021-2022 оқу жылының әдістемелік жұмысына талдау. Мақсат-міндеттерін зерделеу. 2022-2023 оқу жылына жаңа мақсат-міндеттер белгілеу, жылдық жоспармен, сараптамалық кеңес және лидерлер корпусының құрамын бекіту, колледж оқытушыларының рейтинг көрсеткішімен таныстыру.

2.2022-2023 оқу жылындағы техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық әдістемелік ұсыныммен таныстыру.

3.Кафедра жетекшілерінің жұмыс жоспарлары, оқытушының электрондық портфолиосы, сабаққа қатысу парағының үлгілерімен таныстыру, бекіту.

4.Оқытушылардың жаңа біліктілік форматындағы аттестациядан өту жұмыстарын ұйымдастыру.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location