03 Қараша 2020
835

Қашықтықтан оқу кезінде студенттерге психологиялық көмек

Колледж психологі   Шұлғауова Ж.Б.

Құрметті студенттер, оқытушылар!

Барлықтарыңызға мәлім, 2020 жылы 16 наурыздан бастап  Жаркент Жоғарғы Гуманитарлық Техникалық Колледжі уақытша қашықтықтан оқытуға ауысты.

Қазіргі таңда болып жатқан жағдайға байланысты,сен қашықтықтан оқып жатырсың.

Бұл оқудың жақсы ,табысты болуы өзіңе байланысты.

Сендер біраз уақыттан бері ерекше түрде білім алып жатырсыңдар.Бұл қалыпты сабақтан ерекше,сен өз бетіңше білім алудасың.Компьютермен смартфонмен ойын үшін емес,енді оқу үшін қолданып жатырсыңдар.Олар арқылы онлайн сабақтарға кіріп, мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындап отырсыңдар.

Қашықтықтан оқу үнемі компьютердің немесе смартфонмен отыру емес,ол аз мөлшерде онлайнда отырып,көп мөлшерде жеке оқу.Белгіленген уақыт бойынша онлайн сабаққа кіреміз,ал қалған уақытта оқулықтың, интернеттің көмегімен өз бетіңше оқисың.

Енді қашықтықтан оқуға қалай дайындалу керек,сендерге бірнеше кеңестер ұсынамын

  1. Мұғалім жіберген сабақ кестесімен танысып,күн тәртібін жоспарла.
  2. Күнделікті іс-әректіңнің уақытын белгілеп ал.(ұйқы, тамақ ішу,сабаққа дайындалу, демалу
  3. Қашықтықтан оқитын арнайы құрғылардың дайындығын қадағала.
  4. Оқу орныңды дайында. Ол саған ыңғайлы жер болу керек.
  5. Онлайн сабақ кезіндегі іс-әркеттеріңді реттеп ал.
  6. Онлайн сабақ болатынын отбасы мүшелеріне алдын ала ескерт.
  7. Уйде тыныштық сақталу керек.
  8. Онлайн сабақ кезінде мұғалімдерді мұқият тыңда.
  9. Туындаған сұрақтар болса,сабақтан кейін қой.
  10. Сабақта белсенді бол,өз ойыңды ашық айт.

Онлайн сабақтан бөлек жеке тапсырмалар беріледі,соларды орындайсың.Егерде жаңа сабақты түсінбей жатсаң,мұғаліммен хабарласып кеңес ал.

Студенттерге кеңес

  • Күн режимін жасау.
  • Арнайы сабақ орнын белгілеп алыңыз.
  • Сабаққа уақтысында қосылыңыз.
  • Компьютер (телефон) толығымен қуаттылығы болуы тиіс.
  • Бөлмеде тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшірулеріңіз керек.
  • Оқытушылардың нұсқауын қатаң орындауларыңыз керек.
  • Аз уақыт онлайнда болыңыз, көп уақытыңызды өз бетімен жұмыс жасауға арнаңыздар.
  • Күнделікті болатын сабаққа дайындалыңыз.
  • Оқытушылармен кері байланыста болыңыз.
  • Уақытыңызды тиімді пайдалануға тырысыңыздар.
  • Күнделікті әрекетіңізді саралап, баға беріңіздер.
  • Сабақтан кейін өздеріңізге ұнайтын іспен айналысыңыздар.

Барлықтарыңызға сабыр мен сәттілік тілеймін.

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location