Жаркент жоғарғы гуманитарлық-техникалық колледжінің 4 курс студенті Тұрғанбай Торғынға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» байқауына қатысып, 2-дәрежелі диплом және сертификатпен марапатталды. Марапаттау Талдықорған қаласындағы Жастар сарайында өтті. Іс-шара барысында жүзден жүйрік шыққан кітапсүйер қауым өзара пікір алмасып, рухани қуаттанды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға кітаптар сыйға тартылды.
https://zhgtk.kz/kz/2019-02-25-12-42-38/2019-09-16-06-06-03/2022-08-10-06-19-23/752-zhetisu-kitap-marlar-lkesi#sigFreeId7ea6dbb8ec