"Бастауыш білім беру мұғалімі"

Жаркент гуманитарлық - техникалық колледжінің "Бастауыш білім беру" мамандығы "Бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігінің 302 топ студенттері арасында "Жаңартылған бағдарлама табысты болашақ кепілі " атты конференция болып өтті. Егеменді елімізде жаңа білім беру жүйесі сәтті іске асуда. Ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. 
Практика жетекшісі:Теңізбаева Меруерт.

«Мамандығым - мақтанышым»

15.04.2019 жылы Жаркент гуманитарлық – техникалық колледжінде 1 курс студенттері арасында «Мамандығым - мақтанышым» атты жарыс болып өтті. Жарысқа 1 курс студенттерінен құралған 7 команда қатыстып өздерінің біліктіліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын 107 топ «Тәрбешілер» командасы иеленсе 2 орын “Qween” командасы, 3 орын «The invincible» командасы жеңіп алды. Жарыста командалар жан-жақыт сыналып, өздерінің білімдерімен, ұшқыр ойларымен, әрбір кезеңге жауапкершілікпен дайндалған.

Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі

 

Жакрент гуманитарлық – техникалық колледжінде 26.02.2019 ж. күні Жастар жылын қолдау аясында «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында №2091 Жаркент шекара отряды қызметкерлерімен кездесу болды.

Тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі

 

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі дуалды оқыту бойынша 209 топ студенттерінің “Тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі” тақырыбындағы іс-тәжірибенің қортынды колоквиумын іс-тәжірибе қорытындысы бойынша колоквиум “Таңшолпан” балабақшасында өтті.

ЕЛ ҮМІТІ-АЗАТ ОЙЛЫ, ӨР РУХТЫ, БІЛІМДІ ЖАСТАР

 

2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына орай 26 ақпан күні «Қазақ және ұйғыр тілдері» ПЦК-ның ұйымдастыруымен Жаркент гуманитарлық- техникалық колледжінде «ЕЛ ҮМІТІ-АЗАТ ОЙЛЫ, ӨР РУХТЫ, БІЛІМДІ ЖАСТАР» тақырыбында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Асыл арна» телерадиокомпаниясының Бас директоры, психология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекпен ғибратқа толы сыр-сұхбат өтті.